Батыс Қазақстанда жұмыссыздар саны өткен жылғыдан 1,2 пайызға азайды

ОРАЛ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында жұмыспен қамту органдарында сәуірдің 1-іне дейін есепте тұрған жұмыссыздар саны 3633 адамды құрады, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 1,2 пайызға аз,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен алынған мәліметке сілтеме жасап. Ауылда 2179 жұмыссыз тіркеліп, 10,9 пайызға қысқарды. Жұмыссыздардың 62,9 пайызын әйелдер құрайды. Биылғы бірінші тоқсанда 4189 адам еңбекке орналасу жөнінде өтініш жасады. 469 адам кәсіби білімін көтеруге жіберілсе, 2609-ы қоғамдық жұмыстарға қатысты.