ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы тоғыз айда 35,8 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары орындалды.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл басынан бері 1538 жаңа ғимарат пайдалануға берілді.
Тоғыз айда тұрғын үй құрылысына 8,7 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы ауданы 164,5 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді, бұл өткен жылғыдан 13,5 пайызға көп. Соның ішінде 146,5 мың шаршы метр тұрғын үй жұртшылық қаражатына, 16,7 мың шаршы метр үй республикалық бюджет есебінен (1,4 мың шаршы метр - коммуналдық, 15,3 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй), 1,3 мың шаршы метр жатақхана кәсіпорын қаржысына салынған.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).