18:46, 07 Сәуір 2009
Батыс Қазақстанда жылдамдығы секундына 17-22 метр жел тұруы болжанып отыр
ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес БҚО аумағында сәуірдің 7-8-інде желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге дейін жетеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осыған байланысты тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандар, электр, байланыс желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қала мен аудандар, мекеме, ұйымдарға алдын ала тапсырмалар берілді. Тиісті күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылмақ.
Облыс орталығында қазірдің өзінде жел күшейіп тұр.