ОРАЛ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысына биылғы тоғыз айда 111,7 млрд. теңге инвестиция құйылды.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, осының басым бөлігі немесе 70,5 пайызы өнеркәсіпке, 10,5 пайызы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 4,9 пайызы көлік пен қоймалауға, 4,2 пайызы білім беруге, 2,6 пайызы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметке бағытталды.
Облыстағы инвестицияның қомақты көлемі немесе 44,2 млрд. теңге Бөрлі, 28,5 млрд. теңге Зеленов аудандарының, 24,0 млрд. теңге Орал қаласының үлесіне тиеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).