ОРАЛ. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Батыс су арнасы» ЖШС-ына тұрғындардың қарызы 60 млн. теңгеден асып отыр.
Осы берешектің орнын толтыру мақсатында соңғы кезде Орал қаласы тұрғындары пәтерлерін су жүйесінен айыру әдісі қолданылуда. Суды бұруды шектеу жүйесі құрылғысының арқасында қарызы көп пәтерлердің желісіне бітеуіш қойылады. Мұның бір артықшылығы, басқа пәтерлерге әсер етпейді әрі борышкер өз бетімен бітеуішті алып тастай алмайды.
«Батыс су арнасы» ЖШС жалпы бөлімінің басшысы Ирина Нұрмұханованың айтуынша, үш айдың ішінде төлемеушілердің 2188 пәтері тексеріліп, 54 пәтердің кәріз жүйесіне шектеу қойылды. Соның нәтижесінде 7 млн. теңгеге жуық қарыз өтелді. Жалпы, жыл басынан бері тұтынушыларға қатысты 23,863 млн. теңге көлемінде 1616 іс сотқа жіберілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).