ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық балғын футболшылар Оралда өткен ел біріншілігінде үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1996 жылы туылған футболшылар арасында өткен жарысқа Қазақстанның барлық дерлік облысынан 14 команда қатысты. БҚО құрамасы финалды Алматының ЦСКА командасын ұтты. Үшінші орынды жамбылдықтар иеленді. Оралдықтардан Иван Антипов - үздік ойыншы, Ербол Жиенбетов үздік мерген атағын иеленді. Ал Семен Сутягин (БҚО) мен Елжан Исатай (ЦСКА) көрермен көзайымы марапатына ие болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).