Аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Райгүл Елесованың хабарлағанындай, тәжірибелі жаттықтырушылар Вадим Карташов пен Дмитрий Селиверстов баптаған батысқазақстандықтар жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Оралда бұл спорт түрі кенжелеу дамығандықтан, бұдан бұрынғы жылдары батысқазақстандық су добы шеберлері мұндай табысқа қол жеткізе алмаған болатын.
20:06, 08 Қараша 2010
Батысқазақстандық балғын су добы шеберлері ел біріншілігінен олжалы оралды
ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы су спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы Алматы қаласында 1995-1996 жылғы жасөспірімдер арасында су добынан өткізілген ел біріншілігінен табысты оралды.