ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Расуловты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер, қыздар және ересектер арасында ашық халықаралық турнир мәреге жетті.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Түркменстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстан елдерінің балуандары қатысып, бақ сынады.
Осы байрақты бәсекеде батысқазақстандық Елшат Байыров 66 келі салмақта жеңімпаз атанды. Ол жартылай финалда әзірбайжан, соңғы белдесуде түркмен балуанын ұтты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).