ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық балуан, грек-рим күресінің шебері Нариман Қайырманов Польшаның Рацибуж қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатынан 35-40 жас аралығындағылар ішінен үздіктер қатарына ілігіп, күміс жүлдені еншіледі.
Аталмыш жарыста Нариман Норвегия, Швеция елінің балуандарын жеңіп, тек украиндық В.Васильевтен 2:3 есебімен жеңілген. «Алдағы жылы осындай жарыс Венгрияның Будапешт қаласында өтеді. Сонда қарымта қайтарып, жеңіске жетсем бе деймін», дейді Н.Қайырманов.
1972 жылы дүниеге келіп, 63 келі салмақта күрескен Нариман - кезінде екі мәрте ел чемпионы, одақтық, халықаралық додаларда жүлдегер атанған балуан.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).