ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық бишілер Орынборда спорттық биден өткен ашық біріншіліктен 13 алтын, 9 күміс, бір қола медальмен оралды.
Аталмыш жарысқа Ресейдің 15 аймағынан мыңға жуық биші қатысқан. БҚО намысын Орал қаласының «Латын кварталы» (жетекшілері Владислав пен Ирина Роон), Ақсайдың «Ақ жұлдыз» (Людмила Морозова) би клубтары қорғады.
Турнир 62 аталым бойынша өткен. Үздік атанған батысқазақстандықтар арасында Михаил Рахимқұлов пен Анастасия Поликарпова, Камила Оңдағанова мен Эльдар Кармалиев, Владимир Пак пен Виктория Угай бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).