ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық ескекші, Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Ергучев Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада жолдамасын иеленді.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, А.Ергучев жуырда Италияның Милан қаласында байдарка мен каноэдан өткен әлем чемпионатында 1 мың метрлік қашықтықта қазақстандық төрттік құрамында 11-ші орынды еншіледі. Бұл оған олимпиадаға қатысуға мүмкіндік береді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).