Батысқазақстандық футболшы А.Мальцев биылғы маусымда соққан доп санын 16-ға жеткізді

ОРАЛ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Кеше футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасы командалары кезекті турдың ойындарын өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өз алаңында «Ақтөбе-Жас» командасын қабылдаған Оралдың «Ақжайығы» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Оралдықтардан Руслан Хайыров пен Алексей Мальцев мергендік танытты. А.Мальцев биылғы маусымдағы доп санын 16-ға жеткізіп, мергендер көшін бастады.

Бұл турда Алматының «Қайраты» да «Іле-Сәулетті» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қазіргі кезде супер-лигаға ұмтылыс жасап отырған «Қайраттың» да, «Ақжайықтың» да 49-дан ұпайлары бар.