Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, Ғалия Байсарина баптайтын оралдық команда құрамында Э.Маликова, Ю.Кипкина, Н.Башарова, Ж.Қайыралиева, Е.Подхватилина, Д.Хайрушева, Д.Ильичева, В.Ляпина, О.Апикова, К.Тем, А.Өтепберген, Ж.Сансызбай шеберліктерімен танылды.
Қыздардан бозбала жігіттер де қалысқан жоқ. Осының алдында, 6-7 желтоқсан күндері Познань (Польша) қаласында 1998-1999 жылғы жасөспірімдер арасында индорхоккейден өткен халықаралық турнирде №1 БЖСМ командасы қола жүлдеге қол жеткізді. Оған Польша, Словения, Беларусь және Қазақстаннан барлығы сегіз команда қатысты. БҚО құрамасында В.Хорошкин, М.Имнакелді, Д.Иртикеев, Т.Сұлтанов, Н.Плакин, М.Хасанов, Д.Немирович, А.Мұратов, М.Бугаев өнер көрсетті. Оралдықтар өз тобында үш кездесуінде де «Познань ІІ», «Стезев» (Польша), «Новая Дубница» (Словения) командаларын тізе бүктірді. Содан кейін «Познань І» командасына 2:6 есебімен есе жібергенімен, үшінші орын үшін бәсекеде «Новая Дубница» командасын 5:3 есебімен жеңді.