Батысқазақстандық мүгедек спортшылар алты бірдей қола жүлдемен оралды

ОРАЛ. 19 маусым. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында тірек-қимыл жүйесі зақымданған және көздері нашар көретін мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан ел біріншілігі өтті.

Оған республикамыздың 13 облысынан және Алматы, Астана қалаларының командалары қатысты. Барлығы 100-ге тарта мүмкіндігі шектеулі спортшы қатыс­қан додада БҚО құ­рама коман­дасы жарыстың 6 түрінен қола ме­­даль­ға қол жеткізді. Атап айтқанда, М.Қабдолов 400 метрге жүгіруден,  В.Чупрова ұзын­дыққа секіруден, Г.Батпақұлова ядро мен диск лақтырудан, ал Р.Бегналиев 100 және 200 метрге жүгіруден үшінші орынға табан тіреді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер­ле­рі медаль-дипломдармен марапаттал­ды