А.Құсайынов атындағы орта мектеп мұғалімі Алма Түсіпқалиеваның айтуынша, төрт жасынан сурет салуға құштар болған Әлібек арасында шағын мақала жазғанды ұнатады. Сөйтіп ол «Айгөлектің жас тілшісі» атанды. Он төрт облыстан 300-ге жуық бала қатысқан фестиваль барысында Әлібек Алматының әсем жерлерін аралап, атақты актер Асанәлі Әшімовтен бата алып қайтты. Балалар журналының тұрақты оқырманы болып қана қоймай, шығармашылық қабілетімен көзге түскен Әлібек Рамазанов ұялы телефонмен марапатталды.
18:40, 15 Қараша 2010
Батысқазақстандық оқушы республикалық фестивальден олжалы оралды
ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында тұратын оқушы Әлібек Рамазанов Алматы қаласында өткізілген «Айгөлек» журналының 10 жылдық фестиваліне қатысып, олжалы оралды.