ОРАЛ. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандық самбошы Бағдат Жарылғасов Ресейдің Армавир қаласында екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы Ашот Маркарянның жүлдесі үшін самбо күресінен өткен халықаралық турнирден жүлдемен оралды.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағанындай, турнирге Украина, Беларусь, Қазақстан және Ресейдің 15 командасынан барлығы 270-тен астам спортшы қатысқан.
Қазақстан құрамасы сапында 62 келіде сынға түскен Бағдат қола жүлдеге қол жеткізді. Ол жартылай финалда әлем кубогінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ресейлік Аслан Мудрановқа есе жіберді.
Бағдат Жарылғасовты Райымбек Меңдіғалиев, Қазбек Ибрашев сынды бапкерлер жаттықтырып келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).