ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық Жәнібек Арыстанғали Ақтөбе қаласында 1996-1998 және 1999-2001 жылғы жасөспірімдер арасында джиу-джитсудан өткен ел біріншілігінен қола медальмен оралды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарысқа БҚО-дан екі спортшы қатысып, соның біреуі жүлдеге ілікті. Жәнібек 77 келіге дейінгі салмақта файтинг жүйесі бойынша үшінші орынға көтерілді. Оның бапкері - джиу-джитсудан облыстың аға бапкері Ерлан Ғалиев.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).