12:41, 26 Наурыз 2009
Батысқазақстандық студенттер білім сайысында алдыңғы саптан көрініп келеді
ОРАЛ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Биылғы наурыз айы М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттері үшін сәтті болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика және бастауыш білім әдістемесі мамандығы бойынша өткізілген олимпиадада үшінші курс студенттері Мөлдір Мұратова, Арайлым Өсербаева, Әлия Қаржаубаева оқытушы Гүлнұр Мұсағалиеваның жетекшілігімен төрт турдың қорытындысы бойынша білім байқауының жеңімпазы атанды. Сол секілді Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетіндегі информатика олимпиадасында төртінші курс студенті Павел Зотов, үшінші курстан Армат Мақсотов пен Болат Мырзалиев (жетекшілері Дәурен Ғабдоллаев) үшінші орынға қол жеткізді.