ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - «Болашақ үшін рақмет» республикалық акциясы аясында өңірдің белсенді студенттері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Шараға Қазақстан Жастар конгресі мен Қазақстан Студенттер альянсы құрамындағы 25 жас қатысты. Жас көшбасшылар әр ардагердің мекенжайына барып, сый-сияпаттар көрсетті. Отан қорғаудағы ерен ерліктері үшін өз тілектерін жеткізді. Қазақстан Студенттер альянсының облыстағы көшбасшысы Олжас Иманғазының айтуынша, айтулы Жеңіс мерекесінде бірде-бір ардагер көмексіз қалмақ емес. Сондай-ақ ерікті жастар ардагерлердің үйлеріне қолғабыс етуде.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).