Батысқазақстандық студенттер республикалық пікірталас турнирінен табыспен оралды

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жас қыран» командасы Тараз қаласында Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай өткізілген «Тараз кубогі-2010» пікірсайыс турнирінен табыспен оралды.

Команда мүшесі Мерхан Абдоловтың хабарлағанындай, республиканың әр өңіріндегі ЖОО-лардан 32 команда қатысқан сайыста батысқазақстандықтар тапқырлық танытып, «Үздік команда» аталымын жеңіп алды. Команда құрамында Мерханнан басқа Нұрлыбек Тажкенов, Гүлнұр Отарова болды.

«Жас қыран» студенттерді отансүйгіштікке тәрбиелейтін шараларға алдағы уақытта да қатыспақшы.