Батысқазақстандық тәртіп сақшылары Шалқар көлі жағасында сенбілік ұйымдастырды

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық тәртіп сақшылары БҚО ішкі істер департаментінің Шалқар көлі жағасында орналасқан туризм және спорт, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау базасындағы сенбілікке қатысты.

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, бұған дейінгі сенбіліктерде департаменттің барлық бөліністері қызметкерлері Орал қаласындағы күл-қоқысты жинастыру, тазалау мен абаттандыру жұмыстарына атсалысқан еді. Тәртіп сақшылары қураған ағаштарды отап, өсіп тұрғандарының түбін қопсытты, әктеді, қоғамдық орындықтарды сырлады.

Бұл жолы департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметов бастаған сақшылар базаның айналасын жинастырып, шыршаның жеті жас көшетін отырғызды. Мың жарым түп түрлі гүл екті.