«Қазіргі қоғам дамуы жүйесінде студенттердің қоғамдағы белсенділігі артуда. Олар өз белсенділіктерін студенттік қоғам қозғалыстарын құру, өз бетімен ұйымдар, жастар бірлестіктерін ашу арқылы танытуда. Біз қазіргі таңда Тәуелсіз елімізді жан-жақты дамытудың жаңа кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Елбасымыздың сарабдал саясатын қолдап, еліміздің өркендеп дамуына үлесімізді қосу - елін сүйетін, оның құндылықтарын құрметтей білетін әрбір азамат пен азаматшаның парызы.
Еліміз небір тар жол, тайғақ кешулерді басынан өткерді. Алайда халқымыз бұл қиындықтардың барлығынан сынбай, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, бірлік туын желбірете білді. Халқымыз бейбітшілікте өмір сүріп, әл-ауқаты артып келеді. Бұған дәлел - Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаулары. Мемлекет басшысы әрдайым біздерге, жастарға қолдау көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мектепке дейінгі, орта, кәсіби және жоғары сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Біз де өз кезегімізде Елбасымыздың жастарға жасап отырған барлық мүмкіндіктерін толықтай пайдаланып, болашақта еліміздің гүлденіп, дамуына өзіміздің сүбелі үлесімізді қосамыз. Біздің мақсатымыз - оқуымызды үздік аяқтап, мемлекет басшысының бізге артып отырған үмітін ақтау. Барлық республика жастарын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бүкілхалықтық референдумды қолдауға шақырамыз!» делінген үндеуде.