ОРАЛ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батысқазақстандық жасөспірім дзюдошылар Қазбек Сұпығалиев пен Мұрат Баубеков Германияда өтетін халықаралық додаға әзірленуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар бұдан бұрын жасөспірімдер арасында Өскемен қаласында өткізілген ел біріншілігінен олжалы оралған болатын. Қазбек 55 килә салмақта жеңімпаз атанса, Мұрат 60 киләда екінші орынды иеленді. Олардың екеуі де Теректі ауданынан, Баймолла Құбашевтің шәкірттері.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).