ОРАЛ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батысқазақстандықтар С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен тығыз байланыс орнатып отыр.
Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов мәлім етті.
Оның айтуынша, бұрын аталмыш оқу орнын бітірген түлектер Оралға көп келе бермейтін. Соңғы үш жылда бұл мәселе біршама шешіліп, маман-дәрігерлер келе бастады. Сонымен бірге жиырма шақты жас Оралда тәжірибеден өтуде.
Екі арадағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында Оралда ректор, профессор Айқан Айқанов бастаған университет өкілдері болып, батысқазақстандық дәрігерлермен кездесті. Бұл жолы түлектерді Батыс Қазақстанға жіберумен қатар университеттің профессор, доценттерінің Оралға келіп, жергілікті жас мамандарға дәріс беру жолдары да қарастырылды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).