Бауыржан Байбек: Алматы - елдің басты салық доноры

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алматыны елдің басты салық доноры деп атады.

«Алматы - бүгінде елдің ЖІӨ-нің 20 пайызын және салық түсімдерінің 31 пайызын қамтамасыз етіп отырған ірі мегаполис. Алматының жалпы аймақтық өнімі 2015 жылдың қорытындысы бойынша тұңғыш рет 8,5 трлн. теңгеден аспақ. Яғни 2,5 есе өсім тіркелді», - деді әкім.

Б. Байбектің айтуынша, екіншіден, бюджеттің көлемі 94,2 млрд. теңгеге өсіп, 446,5 млрд. теңгені құраған.

Оның еске салуы бойынша, Алматы жеке капиталдың қаласы ретінде, бизнес қосымша жұмыс орындарын құру үшін, бюджетке салық төлеп, қосымша құн беруі үшін жеке бастаманы қолдауға және ынталандыруға құлықты.

Әкімнің айтуынша, елдегі көтерме сауданың жартысы, бөлшек сауданың 25 пайызы, сыртқы сауда айналымының жартысы, екінші деңгейлі банктердегі несие портфельдерінің 60 пайызы Алматыда орналасқан.