Бүгінде 62 жасқа толған Германия құрамасы сапындағы бұрынғы әлем чемпионы 37 млн. доллар сомасындағы қаржыны салық органдарына төлемегенін және Швейцарияда банктік шоты жайында жасырғандығын мойындады.
Өткен жылы Хёнесс билікке түзетілген декларацияны ұсынып, сол арқылы соттың қудалауынан құтылуға дәмеленген еді. Осы салықтық дау-дамайға қарамастан, Ули Хенесс «Баварияда» аса танымал тұлға. Себебі ол клубтың табысы соған байланысты болып отыр. Атап айтқанда, клуб акционерлерінің өткен жылғы жиналысында Хенесс отставкаға кетуі туралы ұсыныс жасаған еді, алайда бұған жанкүйерлер мен «Баварияның» директорлар кеңесі қарсылық білдірді.