Финал жақындағанда продюсер үздік шыққан екі үміткерді жариялап, жеңімпазды оқырмандарының даусы арқылы анықтайтынын айтты. Кейін екі үміткер де үздік болғанын айтып, сыйақыны тең бөліп беруді жөн көрді. Осылайша 180 000 теңгені @bekzhomie жəне @zhuli_jan аккаунт иегерлері - Бекжан Сауырбаев (видео) пен Арсен Тахан (видео) есімді ұл бала бөліп алатын болды.
«Мен өз дауысымда оң жақта тұрған жігітке берер едім, алайда кішкене бала өзінің жасына қарамастан әнді өте шеберлікпен айтып шықты. Байқау шартының оңай емес екенін ескере отыра, мен жүлдені тең бөлгенді жөн көрдім. Құттықтаймын!!!», - деп жазды продюсер өз парақшасында.