Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, отанасымыз Мария Бровкова алтын C-1 санатындағы 1 000 метрге жарыста мәре сызығын 4 минут 49 секунд нәтижесімен бірінші болып кесті.
Одан кейінгі сатыға әлем чемпионатының күміс жүлдегері мажарстандықтар Жофия Кисбан мен Жофия Каталин Чорба тұрақтады.
Бұл кезең ертең, 14 мамырда өз мәресіне жетеді.
18 жастағы ел спортшысы Мария Бровкова былтыр да осы Сегед қаласында өткен 23 жасқа дейінгілер арасындағы каноэ мен байдаркада ескек есуден әлем чемпионатыа қатысқан болаты. Онда ол С-1 санатында 1 000 метр қашықтықта жеңімпаз атанған болатын.