Байқоңыр: «Протон-М» зымырантасымалдығышы орбитаға еуропалық байланыс жерсерігін алып шықты

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат - Кеше кешке Байқоңырдан ұшырылған Протон-М» зымырантасымалдығышы орбитаға еуропалық Eutelsat W2A байланыс жерсерігін алып шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап. «Ресейғарыш» агенттігінің ресми өкілінің хабарлауынша, Thales Alenia Space компаниясы жасап шығарған Eutelsat W2A жерсерігі орбитада 15 жыл жұмыс істеуге есептелген.