19:12, 26 Наурыз 2009
Байқоңырдан «Союз ТМА-14» ғарыш кемесі сәтті ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Сара Қабиқызы/ – Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша 17 сағат 49 минөтте №1 алаңнан «Союз ТМА-14» көліктік ұшқыш басқаратын кемемен «Союз-ФГ» зымырантасығышы сәтті ұшырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Росғарыш баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 17 сағат 58 минөтте бортының құрамында командир, ресейлік ғарышкер Геннадий Падалка, бортинженер, американдық астронавт Майкл Баррет және ғарыштық ұшуға қатысушы, тегі мажар американдық Чарльз Симони бар экипаж ғарыш орбитасына шығарылды. «Союз ТМА-14» ғарыш кемесінің Халықаралық ғарыш стансысымен түйісуі наурыздың 28-інде Мәскеу уақыты бойынша 16 сағат 14 минөтке жоспарланған.