«2009 жылы, яғни Қазақстан экономикасына ауыр кезеңде Ішкі жалпы өнім 1 пайызға өскен еді. Ал телекоммуникация саласы 8 пайызға жоғарылады. Бір жыл бұрын айырмашылық елеулі деңгейде болатын. Атап айтқанда ІЖӨ 3 пайызға, байланыс 12,7 пайыз көлемінде өсті»,-деді ол.
«Осы тұрғыда алаңдауға еш себеп жоқ секілді, алайда тереңдеп зерделенген талдауға қарағанда аталған өсім ұялы байланыс сегменті тұрғысында қамтамасыз етілген. Қалған сегменттер шамалы ғана өсімді көрсетті»,-деді Р. Ақбердин.
Оның сөзінше, 2009 жылы бұл салаға бағытталған инвестиция көлемі айтарлықтай төмендеді. «2008 жылмен салыстырғанда инвестиция деңгейі 36 пайызға азайды»,-деді
Осы саланың даму қарқынының төмендеуі мен инвесторлардың неліктен Қазақстанның телекоммуникациялық саласына белсенді түрде қатыспай отырғаны себебіне тоқталған Р. Ақбердин, «біздің пайымдауымызша, осындағы себептердің бірі - саланың негізгі сегменті ұялы байланыс секторының инвестициялық тартымдылығының жеткіліксіз деңгейде болуы. Атап айтқанда, ұялы байланыс секторы бұл саланың локомотиві болып табылады, ал оның тартымдылыққа ие болмай отырғаны сәйкесінше, жалпы салаға төмен инвестициялық қызығушылықты қалыптастырып отыр», деді. Оның пікірінше, инвестициялық тартымдылықтың тиісті деңгейде болмауына ұялы байланыс секторындағы бәсекелестіктің төмен деңгейде қалыптасуы ықпал етуде.