Талғат Маруаұлы 2025 жылдың қазанында ұлттық құрама тізгінін үшінші мәрте ұстады. Оның жетекшілігімен команда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірнеше матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.
Бұған дейін Т. Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.
Ол сондай-ақ бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.
Футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.
Бұған дейін «Қайрат» командасының футболшылары «Арсеналмен» кездесу алдында Лондонда жаттығу өткізгенін жазғанбыз.