Бельгияның премьер-министрі отставкаға кетті

БРЮССЕЛЬ. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Бельгияның премьер-министрі Ив Летерм король Альберт Екіншіге отставка жіберуі туралы өтініш берді, деп хабарлайды әлемдік ақпарат агенттіктері.

Бүгін фламандтық либералдардың "Open VLD" партиясы үкіметтік коалициядан шығатындарын мәлімдеп, Министрлер кабинетінің қабілеттілігін шайқалтты. Фламандтық (нидерланд тілділердің) және валлондық (француз тілділер) партиялардың ұзақ уақыттан бері нәтижесіз реттеуге тырысып келген екітілді Брюссель-Халле-Вилворд сайлау округін әкімшілік бөлу мәселесін шешу алауыздық кілтипанына айналды.

Атап айтқанда, фламанд либералдары Бельгия премьер-министрі И. Летерм бейсенбіде елдің парламентінде сөйлеуі тиіс осы мәселеге қатысты мәлімдеме мәтінін қолдаудан бас тартты.

И. Летерм министрлердің төтенше кеңесі барысында өкілеттігінен бас тартуға шешім қабылдады. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, «орынтағынан кетуден басқа премьер-министрдің жолы қалмады».