Кездесу барысында екі мемлекет басшылары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелелрін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, Беларус Қазақстан үшін неғұрлым маңызды әріптестердің бірі болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Беларус арасындағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықтың жақсара түсуіне, сондай-ақ бірлескен индустриялық жобаларды ойдағыдай жүзеге асыратынына сенімін білдірді.