ОРАЛ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Белгілі ақын-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың және «Тарлан» сыйлығының лауреаты Иран-Ғайып Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында оқырмандармен кездесті.
Онда ақын тәуелсіздік және басқа тақырыпта жазған өлеңдерін оқып, жиналғандар сауалдарына жауап берді.
Жұбанның еліне келген ақын жыр көші ешқашан үзілмей, алға аса беретінін атап өтті. Ақ Жайық - талай дарабоз таланттарды дүниеге әкелген өлке. Сондықтан бұл ел ақындық өнерді әрдайым жоғары бағалайды. Оқырманмен сыр бөліскен ақын осылайша ағынан жарылды.
Жыр кеші жиналғандарға ерекше әсер қалдырды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).