ОРАЛ. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында КСРО және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрліктерінде ұзақ жыл қызмет атқарған, доғарыстағы полковник Вячеслав Ғиззатовқа жетпіс жасқа толуына байланысты құрмет көрсетілді.
Вячеслав Ғиззатов бұдан жетпіс жыл бұрын Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ауданда оның мерейтойына орай салтанатты рәсім ұйымдастырылып, онда аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин В.Ғиззатовқа «Қаратөбе ауданының құрметті азаматы» атағы берілгенін айтып, иығына шапан жапты. Сол жиында белгілі дипломаттың елге сіңірген еңбегіне риза болған жерлестері оған құрмет көрсетіп, ат мінгізді.
Осындай кездесу Бөкей ордасы ауданында, сондай-ақ облыс орталығында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде де болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).