ОРАЛ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Белгілі ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нина Қайыпова Орал қаласында болды. Сапар барысында мейманды облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуде өңірдегі денсаулық сақтау саласының жай-күйі, әсіресе, Елбасы тапсырмасына сәйкес ана мен сәби өлімін болдырмау, медицина кадрларымен қамту мәселесі кеңінен сөз болды.
Нина Қайыпованың атап өткеніндей, оған Батыс Қазақстан облысы етене жақын. Өйткені әкесі Әмір Молдағалиұлы Қазталов ауданының тумасы.
Көп жылдар бойы Қазақ мемлекеттік медицина институтында ұстаздық еткен, сондай-ақ жиырма жыл бойы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі бас акушер-гинекологы болып еңбек еткен Н.Қайыпова облыстық перинаталдық орталықта болып, өңір дәрігерлерімен ой бөлісті.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).