Шараны ҚР ИДМ «KAZNEX INVEST» Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігі» АҚ Қытайдағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды. Оған «Баян Сұлу» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Концерн «Цесна-Астық», «RG Brands Kazakhstan» және «Қайнар-АКБ» сияқты компаниялар қатысты. Олар қытайлық серіктестерімен B2B форматында келіссөздер өткізді. Қытайлық тараптан форумға 25 компания қатысты.
«Бейжіңге қазақстандық брендті таныстыру үшін келдік. Бес компания: төрт азық-түлік секторындағы және аккумулятор зауытының өкілдерін әкелдік. Бұл Қазақстанның белгілі экспортшылары және ТМД аумағында белгілі компаниялар. Қытай нарығындағы басты міндет- ірі серіктестерді табу, қытайлық нарыққа шығу», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ басқарушы директоры Жәлел Болатов.
Оның сөзіне қарағанда, шара қарсаңында қазақстандықтар Бейжіңде бірқатар іскерлік кеңес өткізді.
«Мысалы, «Қайнар-АКБ» компаниясының потенциалды серіктестері бар. Алайда аккумуляторлар қауіпті жүк санатында. Сондықтан процесс созылған. Дегенмен «Қайнар-АКБ» келісөздерді сәтті жүргізіп жатыр, Қытайға аккумуляторлардың алғашқы сынама партиясы жөнелтілді», - деді Ж.Болатов.
«Golden Camel Trade Co., Ltd» сауда компаниясының (ҚХР Хэйлунцзян провинциясы Дацин қ.) басқарма төрағасы Шэнь Яньлин ҚазАқпаратқа қазақстандық азық-түлік өндірушілермен серіктес болуға қызығушылық танытып отырғанын айтты.
«Қайнар-АКБ» ЖШС қаржы және экономика бойынша директоры Салтанат Түсіпбаева ҚазАқпаратқа қазақстандық аккумулятордың қытай нарығына шығару бойынша жасалып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Оның сөзіне қарағанда, «Қайнар-АКБ» аккумулятор зауыты 1975 жылдан жұмыс істейді. Жыл сайын 2-3 млн. аккумулятор өндіреді. Оның 70% ТМД елдеріне, Ауғанстан, Германия және Польшаға экспортталады.