Бұған дейін хабарланғанындай, бүгін түске дейін ҚР Президенті - Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясы күніне арналған тұңғыш әскери шеруді қабылдады.
«Қазақ елі» монументі орналасқан алаңда Құрғақтағы әскерлердің, Әуе қорғанысы күштерінің және ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз күштерінің, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері және Республикалық ұланның қатысуымен әскери шеру болып өтті. Оған 2 мыңнан астам офицерлер, келісімшарт бойынша қызмет ететін жауынгерлер, курсанттар, сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскерилер қатысты.