Бұл туралы Съезд хатшылығының ХІ отырысында айтылды, деп хабарланды хатшылықтың сайтында.
Секциялық отырыстар үшін 4 тақырып белгіленді:
- «Дін көшбасшыларының тұрақты дамуға қол жеткізудегі рөлі»;
- «Дін және мультикультурализм»;
- «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен заманауи қатерлер»;
- «Дін және жастар».
Естеріңізге сала кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV Съезі 2012 жылдың 30-31 мамыр күндері Астанада өтеді.