«Гэлэкси секьюритиз» бөлімінің 51 жастағы бас менеджеріне 65,4 миллион юань (10 миллион АҚШ доллары) соманы жымқырды және тағы 25 миллион юаньды «мақсатсыз жұмсады» деген айыптар тағылған болатын. 2004 жылы тұтқындалған қаржыгер алаяқтығы үшін ату жазасына кесілген және жазасы орындалған бірінші қытайлық трейдер болып отыр.
Бірақ та жымқырылған 60 миллион юань соманың қайда екені әзірге «белгісіз болып қалып отыр», деп жазды "Чайна дейли" басылымы бүгін. Жазасы орындалардың алдында Ян Яньмин екі апайымен кездесе алды. Жолдасы істі болардың алдында ажырасып кеткен алаяқтың бұрынғы жұбайы, ақтық кездесуден бас тартқан, деп хабарлайды қытайлық басылым.