Бұл туралы Еуроодақтың Өзбекстандағы елшісі Тойво Клаармен кездескен көршілес ел президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева мәлім етті.
— Тойво Клаар мырза әйелдердің құқығын қорғау және оларға жаңа мүмкіндік ұсынуға бағытталған елдегі өзгерістерді жоғары бағалады. Сондай-ақ, ол Өзбекстан өзінің бай тарихына құрметпен қарайтынын және ұлттық бірегейлікті нығайтуға аса көңіл бөлетінін атап өтті, — деп жазды Саида Мирзиёева өзінің Telegram арнасында.
Айта кетейік, былтыр қыркүйекте Шавкат Мирзиёев «Орталық Азия — Еуроодақ» форматындағы кезекті саммитті Өзбекстанда өтізуді ұсынған болатын.
Қоса кетсек, Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ.