— Биыл Өгем өзенінде гидроэлектрстанциялар каскады бар су құбырын салу жөніндегі инвестициялық жобаның жобалық құжаттамасын әзірлеу басталады. Ол мемлекет-жеке серіктестік негізінде жүзеге асырылады, — деді министр.
Айтуынша, жобаның құны инфрақұрылымды есептемегеннің өзінде 191,7 млрд теңге болмақ.
— Жоба жыл сайын 110 млн текше метр ауызсу беріп, сағатына 72 МВт· электр энергиясын өндіруді көздейді. Бұл аймақтағы энергетикалық қуаттар тапшылығын ішінара жабуға, сондай-ақ Түркістан облысындағы Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Жетісай және Мақтаарал аудандарының 1 миллионнан астам тұрғынын таза ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; — деді Нұржан Нұржігітов.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу шараларын пысықталып жатыр.