Қылмыстық іс Ақтөбе қаласы №2 сотымен қаралды.
Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жасөспірім мекемеде ешкімнің жоқ екенін пайдаланып, сейф тұрған бөлмеге кіріп ақшаны алып кеткен.
Кейін ол шұғыл түрде Алматыға аттанып, ақшаны оңды-солды жұмсаған. Бірнеше күннен кейін Ақтөбеге қайта оралған.
Сот мәжілісінде ол өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтты.
Соттың үкімімен сотталушы мүлкінің тәркіленуімен қатар 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз жазасын жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтейді.