Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінде өткен алқа мәжілісінде аталған ведомствоның жауапты хатшысы Болатбек Әбдірасылов мәлім етті. Естеріңізге сала кетейік, алқалы жиын барысында Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланған болатын.
«Білім және ғылым саласы бойынша Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау үшін бюджеттен қосымша қаражат қажет. Осыған байланысты білім мен ғылым саласын қосымша қаржыландыру бойынша 23 млрд. теңгенің ұсынымдары әзірленді. Сонымен қатар, Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі бірқатар құжаттар әзірледі. Оның ішінде «Ғылым туралы» заңды жүзеге асыру үшін үкіметтің қаулысының жобасы мен министр бұйрықтары даярланды», - деді жауапты хатшы.