«19 жастағы Айгерім Сұлтанаева 13 тамыз күні жоғалып кетті. Оны әуелі өздері тауып алмақ болған туысқандары кейін полициядан көмек сұрап келді. Жоғалған бойжеткенді іздеу жұмыстары кезінде полицейлер бар мүмкіндіктерін пайдаланған. Ол туралы бар ақпарат 4 мыңнан астам адам тіркелген әлеуметтік желілерге де орналастырылды», - делінген хабарламада.
Ал осы уақыт бойы бойжеткен сүйіктісімен бірге Шет ауданындағы кенттердің бірінде болғаны анықталды.
Облыс полициясы іздеу жұмыстарына көмектескен барлық адамдарға алғысын білдіреді.