Бұл бағыттағы ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан облысында байқалып отыр. Онда 31,5 мың гектар аумаққа картоп егілген. Екінші орында Алматы облысы тұр. Биыл бұл аймақ 26,1 мың гектардан өнім алмақ. Ал Павлодар облысында 24,9 мың гектарға картоп егіліпті.
Биыл шілдеде республика бойынша 1 келі картоптың орташа құны - 182 теңге болған. Яғни, бір жылда 4,2 пайызға қымбаттаған.
Атырау облысында картоп бағасы бірден 43 пайызға өскен. Сондай-ақ, аталған өнім Маңғыстау (21,6 пайызға қымбаттаған) мен Қостанай (20 пайызға қымбаттаған) облыстарында да қымбаттаған. Ал ең арзан баға Қарағанды қаласында тіркелді. Онда картоптың келісі 137 теңгеден саудаланып жатыр.