Сонымен қатар, 2014 жылы Қазақстан қор биржасында акциялармен сауда-саттық жасау көлемі 174,1 млрд. теңгені (961,1 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл 2013 жылғы кезеңмен салыстырғанда 48,1 пайызға (доллармен есептегенде 24,7 пайызға) артық.
Айта кетелік, Қазақстан қор биржасы бес секторға бөлінген. Олар: шет елдік валюта нарығы, мемлекеттік құнды қағаздар нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығы, репо операциясы (құнды қағаздарды сату және алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алу мәмілесі) нарығы және деривативтер (екінші дәрежелі құнды қағаздар) нарығы.