«Кеше сағат оннанкейін Тамшы ауылының жанында қазақстандық автобус жол апатына ұшырап, жолдыңшетіне ұшып, шығып кеткен. Аталған апаттың салдарынан бірде-бір қазақстандықзардап шеккен жоқ. Өздерінің баратын жеріне басқа автобуспен жеткізіліп,қазіргі таңда демалыстарын жалғастырып жатыр», - деді Айбек Смадияров ҚРСІМ-де өткен жиыннан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Еске сала кетсек,бұған дейін Ыстықкөл жағасындағы Чок-Тал ауылында қазақстандықтар мінгенавтобус апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Құқық қорғау органдарыныңмәлімдеуінше, 11 тамыз күні кешкісін жүргізуші жолдағы көліктердің бірінен озабергенде, автобусты тізгіндей алмай қалған. Автобус «Lexus» жеңіл көлігімен соқтығысып, жолдың шетіне шығып кеткен.