ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жәнібек аудандық сотының үкімімен Тау ауылының тұрғыны ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлімі, 202-бабы 2-бөлімі 1-тармағымен айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын Бейбітшілік көшесі 1-үйде тұратын тұрғынның 3 мың бума пішенін қасақана от қойып, өртеп жіберген. Сөйтіп жәбірленушіге 540 мың теңге залал келтірген. Сол түні қылмыстық іс-әрекетін жалғастырған қаскөй сағат 02.00 шамасында тағы бір үйге кіріп, 25 мың теңгені жымқырған.
Сот талқысында сотталушы өз кінәсін мойындамағанымен, айыбы іс айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәлардың сөзімен дәлелденді.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).